Шәкәрім мұрасы ұрпағымыздың түбегейлі тірегі
Қазіргі жаһанданған заманда әртүрлі пиғылды жат діни ағымдар өз ілімдерін қоғамда да, әлеуметтік желіде де шарпу үстінде. Адам бойындағы асыл қасиеттер оның қоғамда тұлға болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Осы тұста біздің ақын-жырауларымыз Абай, Шәкәрімнің еңбектері асыл қазынамыз болып табылады. Шәкәрімнің мұраларында өмір, тіршілік, адам, жақсы мен жаман, тағы басқа да құбылыстар мен түсініктер төңірегінде айтылар ғибратты сөз көп.Заманды түзеудің ең бірінші шарты - адамды түзеу. Осы қағиданы терең зерделеген Шәкәрім заманға сын болып қадалар садағының жебесін ә дегеннен-ақ...