Дінтанушы маман дегеніміз кім?
Дінтанушы маман дегеніміз кім?

Дінді сіз өте күрделі деп түсінесізбе? Зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан әр  адам дінді өз еркінше, өз түсінігі бойынша қабылдайды. Қазіргі таңда діни мәселеге қатысты бейжай ұстанымды ұстанатын зиялы қауым өкілін кездестіру мүмкін емес, бұл мәселе бәрін толғандырады. Кез келген қоғам мүшесі, білімді адам діни мәселеге қатысты өзінің бір ұстанатын көзқарасын ашық айтуға құқылы. Алайда жай ғана айтылатын ойлардан бөлек нағыз деректерге, нақты зерттеулерге сүйенген ғылыми жоғары кәсіби білікті мамандардың шұғылданатын саласы болуы тиіс.

   Дінтанушы маман дегеніміз кім? Бұл адам мен қоғамның діни өмірін сан қырынан зерттеуші зайырлы ғалым. Дінтанушы ғалымның зерттеу мәселелерінің арасында сенуші адамның психологиялық көңіл-күйі, діни институттардың әлеуметтік ролі, діни плюрализм мәселесі, діндер тарихы, мәдениетке қатысты діннің алатын орны тағы да сол сияқты бірқатар сұрақтар орын алуы мүмкін. Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сінген, дәстүрлі діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар жарыққа шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде. Бастапқыда сенім бостандығын ала салып көзімізге көрінген діндарлардың барлығына сеніп, солардан қалмай дінді үйреніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрдісі жүрді. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде исламның құндылықтары күнделікті өмірде өз орнын алғаны белгілі. Қазірде осы ежелден халқымыз дәріптеп, құрметтеген дінімізге де күдікпен қарайтын дәрежеге де жеттік. Алғашқы кезде дін адамдары мен діни кітаптарды көргенде қуана да, құрметтей қарасақ, қазір үмітімізден күдігіміз басым болды. Бұған себеп те жоқ емес. Соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып, қоғамда реформа жасағысы келетін топтар шыға бастады. Ғасырлар бойы аталарымыз ұстанып, діни-рухани қажеттілігімізді атқарып келген дәстүрлі көзқарастарға қайшы пікірлер мен әсіре діншіл адамдар мен топтар қоғамда қайшы пікірлердің туындауына түрткі болып отыр.

Осы орайда барлық ақпаратты меңгере отырып адам жалпы дін дегеніміз не деген сұрағына жауап ала алады. Қазіргі таңда дінтану мамандығы көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылатындығы айқын болып тұр. Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті және дінтанушы маман ретінде болашақ абитуренттерді осы салаға шақырамын. Қоғам және адаммен тығыз байланыста болатын бұл салада өзіңді ғана емес, өзгенін сеніміне дұрыс бағдар беріп, имандылық пен мейірімділіктің бастаушысы болады. Бұл мамандық арқылы білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, дін саласындағы өте білімді адамдардың ақылымен сусындап өз ортаңды қалыптастырасың. Зайырлы мемлекетіміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаттын жанжақты түсіне білетін және білімі мен

 білігін нақты іске асыратын дін саласындағы мемлекеттік қызметкерлерді даярлау уақыт талабы.

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультетінің

3 курс студенті: Какибаева Мөлдір Тлеуғазықызы

Аға оқытушы: Мұқан Нұрзат

Практика жетекшісі: Елнұр Әскенұлы

 

 

 

Какибаева МолдирКакибаева Молдир
3 жыл бұрын 3064
0 пікір
Блог туралы